Қазақстан мен Ресейдің әскери ынтымақтастығын дамытудың жаңа серпіні

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Аталмыш жобаның мақсаты 1994 жылғы 28 наурыздан бастап қолданыста болған екі ел арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шарттың орнына Қазақстан мен Ресей арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қою болып табылады.
Шарттың жаңа жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты жандандыруға және дамытуға бағытталған. Өйткені алдыңғы құжаттың кейбір ережелері жүзеге асырылды. Атап айтқанда, өзара қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әскерлердің өзара іс-қимылы мен қолданылуын жоспарлау мәселелерінде полигондарды пайдалану, ҚР аумағында уақытша орналасқан әскери құрылымдардың мәртебесі, әскери жүктерді тасымалдау бойынша жекелеген халықаралық шарттар жасалып, әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құрылды.
Шарттың жобасы әскери ынтымақтастықты іске асыру кезінде мақсаттар мен қағидаттарды, бағыттар мен нысандарды, сондай-ақ өзара іс-қимыл тетігін қамтиды.
