Қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
«Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті. Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның атап өтуінше, аталған вакциналардың алдын ала нәтижелері өте жақсы екен.
«Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», – деді министр.