Басты

СИМ Қазақстан саудасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі

Сауда және Интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының саудасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірледі, деп хабарлайды Kaznovosti.kz СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, құжатта саланың жұмыс істеуін заңнамалық жетілдіру шаралары, сондай-ақ, бизнесті қоллау мен сауда инфрақұрылымын дамыту құралдарының кең тізбесі көзделген.

«Онда белгіленген міндеттер мен сауданы дамыту векторлары бизнеспен және мүдделі тараптармен бірнеше рет талқыланған», – деп мәлімдеді Сұлтанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button