Басты

Шымкентте коронавирустың таралу көрсеткіші төмендеп келеді

Бүгінде Шымкентте covid-19 жұқтырғандардың репродуктивтілік – 0,62% құрайды.  Бұл республикадағы ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады екен. Бұл жайлы қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Оның айтуынша, ковидпен күресте сүйенетін ең маңызды көрсеткіш – Rt санының репродуктивтілігі. Мұнда R – вирус жұқтырған адамның басқа адамдармен байланыс саны. Көрсеткіш 1 пайыздан көп болса, вирус таралуы жоғары деңгейде, ол көрсеткіш 1 пайыздан төмен болса, вирус жұқтыру төмен деңгейде деген сөз. 

Айта кету керек, Шымкент қаласы әкімдігінде Мұрат Әйтеновтің тікелей басшылығымен коронавируспен күрес бойынша арнайы штаб құрылған болатын. Штаб мүшелерінің қатарында – денсаулық сақтау, полиция және қалалық басқарма өкілдері бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button