Басты

Шымкент: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Шымкент қаласының  Әл-Фараби ауданының  аумағындағы 21 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kaznovosti.kz аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан, қазіргі таңда олардың 30%-ы ескірген үйлер болып табылады.

«Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес, аудан аумағындағы 62 көпқабатты тұрғын үйлерге тұрғындардың таңдауы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы, аталған бағдарлама бойынша аудан аумағында орналасқан 21 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындардың назарына! Жеке меншіктегі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына, бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Алайда, аталған бағдарлама аясында тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, тұрғын үйдің пәтер иелері өз еріктерімен күрделі жөндеу жұмыстарына жазбаша келісімін білдірген жағдайда, бағдарламаға сәйкес тұрғын үйге қайтарым негізінде жөндеу жұмыстарын (шатыр, жертөле, кіреберіс, инженерлік жүйелер т.б) жүргізуге мүмкіншіліктері бар. Ол үшін, аудан әкімдігіне тұрғындар тарапынан жазбаша өтініш білдіру қажет. Қосымша ақпарат алу үшін 39-02-01, 53-04-00 телефондарына хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button