Басты

Қорғаныс министрлігі жеке құрамға медициналық тексеру жүргізу ережесін әзірледі

Қорғаныс министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 11-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу қағидаларын бекіту » бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-медициналық мекемелерінде жеке құрамды медициналық тексеруден өткізудің тәртібі мен реттілігін белгілеу көзделген.

Сонымен қатар, осы құжатты қабылдау өткізу тәртібін реттейді:

  • жеке құрамды алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау;
  • жеке құрамды ауысым алдындағы міндетті медициналық тексеріп-қарау;
  • әскери қызметшілерді мерзімді міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
  • әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын бақылау.
    Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.

Басқа жаңалықтар

Back to top button