Басты

Шымкентте Чернобыль апаты құрбандарына арналған гүлзар қайта жөндеуден өтті

Шымкентте соңғы жылдары саябақтар мен гүлзарлар жаңа кейіпке еніп, тұрғындардың игілігіне беріліп жатыр, – деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Қабанбай батыр көшесі бойындағы Чернобыль апаты құрбандарына арналған гүлзар 2004 жылы пайдалануға берілген.

Соңғы жылдары гүлзарды қайта абаттандыру мәселесі күн тәртібінде тұрды.

Жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 75 пайыздан астам плиталық төсеніштері жөндеуді қажет ететіні анықталған. Және ескі су бұрқақтың жабындары, темір бүккіштері, жасыл желектерді суғару жүйелері жарамсыз болып қалған. Түнгі жарық шамдарының жер асты кабельдері де ескірген.

Демалыс орны күрделі жөндеу жұмыстарынан соң толық жаңартылды. Ашылғанына 16 жыл болған гүлзар қайтадан пайдалануға берілді.

Енді жаңа нысанды бүлдірмей, ұқыпты пайдалану тұрғындардың өз қолында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button