Басты

Шымкентте карантин талаптарын бұзу бойынша 433 дерек тіркелді

Елімізде төтенше жағдай және карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу бойынша 433 заң бұзушылық дерегі орын алған. Оның ішінде мобильді топ өкілдерімен анықталған 294 жайт, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Тексеріс кезінде қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс жасағандары анықталды.

Атап айтсақ:
— Ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 78;
— Шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша – 19;
— Сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 123;
— басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) – 74-ті құрап отыр. Аталған мекеме қызметкерлерінің бетпердесіз және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық және бекітілген жұмыс уақыты сақталмауда.

Бұдан бөлек 139 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 45 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.

Жинақталған барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.

Шымкент қаласында карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Карантин талаптарын бұзғандардардың басым бөлігі бетперде тақпағандар, қызмет ұсынушылар бір реттік қолғап кимегендер, түрлі нысандарда антисептигі бар санитайзерлер орнатпаған және күнделікті дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбегендер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button