БастыМәдениет

«Адамзаттың Абайы» жыр-жинағының тұсаукесері өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Алматы  облысының әкімінің қолдауымен  жарық көрген  «Адамзаттың Абайы»  жыр- жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Алматы облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облысымызда тұратын ақын-жазушылардың тойға тартуы ретінде жастарды әдеби шеберлікке баулу мақсатында «Абайға арнау» мүшәйрасы облыс деңгейінде ұйымдастырылды. Мүшәйраға 200-ге жуық шығарма жинақталып, белгілі ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан бастаған елімізге кеңінен танымал қаламгерлер қазылық етіп, жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде 1-ші орынды қазақтың көрнекті ақыны Исраил Сапарбай, 2-орынды Сағыныш Намазшамова мен Нүсіпбай Әбдірахым, 3-орынды Асыл Сұлтанғазы, Гүлбақыт Қасен, Әсел Оспан иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button