Басты

Шымкент: Автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала аумағында газды қондырғымен жабдықталған автокөлік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Тәртіп сақшылары темір тұлпар тізгіндеген азаматтарды газбен жабдықталған көліктерге қойылатын талаптар мен ережелер туралы құлағдар етті.

Сонымен қатар ауа райы температурасының күрт көтерілуі дәл осы автокөліктердің өртке орану қауіпін еселейді. Сондықтан көлік иелерінің сақтық шараларын ұстануы маңызды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және еріктілермен бірлесе атқарып жатқан бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button