Басты

Шымкент: Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасының жобасы талқыланды

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімі орынбасарының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Жобада азаматтардың тұруына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін іс-шаралардың тұтас кешені көзделген. Бұдан өзге бұл үшінші мегаполисте апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің көбеюіне жол бермейді және тұрғын үй аумақтарын дамыту мен оларды абаттандыруды қамтамасыз етеді.

Жөндеу деген не екенін толық түсінбейтіндер үшін айта кетейін, бұл апаттық (ескі) тұрғын үйлерді бұзу және барлық құрылыс талаптарына жауап беретін заманауи тұрғын үй кварталдарын салу арқылы ескірген кварталдарын кешенді қайта құру»,-деп жазды Нұрсадық Ергешбекұлы.


Биылғы жылы жобаны іске асыру жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта бюджеттен қаражат бөлу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button