Басты

Шымкент: Зерделеу жұмыстары жүргізілуде

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов «Азат» шағынауданының тұрғындарымен кездескен соң құрылған арнайы топ өкілдері зерделеу жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Негізгі жұмысы -даулы учаскелердің мәселесін дұрыс шешуге ықпал ету. 5 азамат бұрынғы жер иесімен келісіп, учаскесінің шекарасын анықтап жатыр. Тағы 2 тұрғын үй орналасқан учаскенің мәселесі шешілуге жақын. Құжаттарды рәсімдеп, тиісті мекемеге тапсырады. Ал қалған азаматтардың құжаттары жиналып, бір апта ішінде егжей-тегжей зерделенеді. Сосын, «Әділет групп» компаниясындағы білікті заңгерлердің кеңесімен оң шешілудің жолдары анықталады»,-делінген «Нұр Отан» пратиясының Шымкент қалалық филиалының Instagram парақшасында.

«Азат» шағынауданының тұрғындары жеке жүрмеуі үшін, үйлестіру жұмыстары «Азат» бастауыш ұйымының төрайымы Әлия Сәбитоваға жүктелді. Сонымен қатар, БПҰ құжаттарды жинау бойынша туындаған мәселелермен де айналысатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button