Басты

Бір ай ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеді

Биылғы шілде айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 33,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7% көп. Бұл туралы Kaznovosti.kz Хабар24Kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеген. Айта кетсек, шілде айында тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 7,1% және бір айда 0,3% өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 18,5 мың теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер 15,2 мың теңгені құрады.

«Өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында жоғары – 39,8 мың теңге. Нұр-Сұлтанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 39,3 мың теңгені құрайды. Алматыда күнкөріс минимумының мөлшері 36,5 мың теңгеге жетті. ТОП-5 өңірге Шығыс Қазақстан (34,3 мың теңге) және Алматы (33,6 мың теңге) облыстары кіреді», – делінген хабарламада.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Жамбыл облысында 30,3 мың теңгені, Батыс Қазақстанда 30,4 мың теңгені және Ақтөбе облысында 30,8 мың теңгені құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button