БастыДенсаулық

Атырауда емханалар жоспарлы емдеуге кірісті

Жоспарлы емдеуге кіріскен медициналық мекеменің бірі – №1 Атырау қалалық емхана. Бас дәрігер Әсия Нарымбаеваның айтуына қарағанда,  жоспарлы емдеуге жататын қан қысымы, гипертония, қант диабеті, астма сынды сырқатқа шалдыққандар алдын ала учаскелік дәрігерге көрінуі керек. Содан соң дәрігердің нұсқауымен анализ тапсырады, – деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Сырқатының күрделігіне байланысты науқастар күндізгі стационарда  емделе алады. Оларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.​ Сондай-ақ, ауруханаларға жатып емделу де қарастырылып отыр. Бұл үшін  учаскелік дәрігер науқасты порталға енгізіп қояды. Порталды күту кезеңі  ауруханадағы науқастар санына байланысты бір аптаға созылуы мүмкін», – дейді Әсия Нарымбаева.

Оның айтуынша, жоспарлы ем қабылдайтын науқастар міндетті түрде коронавирус  инфекциясына анализ тапсыруы тиіс. Ал, анализ қорытындысының жарамдылық мерзімі 5 күнге ғана созылады. Қазір №1 Атырау қалалық емханасының күндізгі стационар бөлімшесінде 12 орын жасақталыпты. Сонымен бірге, мұнда  20 орындық провизорлық стационар да бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button