Басты

10 адамды құтқарған қазақ жігіті Кореяда марапат алды

10 адамды құтқарып қалған қазақ жігіті марапатталды. Бұл туралы The Korea Times басылымы ақпарат таратты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Естеріңізде болса, 2020 жылдың 23 наурыз күні Оңтүстік Кореяда жүрген 28 жастағы қазақстандық Алиакбар Юлдашев өртеніп жатқан ғимараттан адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен болатын.

Отқа оранған жатақхана тұрғындарын ұйқысынан оятып, бөлме терезелерін ашу үшін жанталаса жүгірген оның денесін күйік шалған.

Соған қарамастан ол 10 адамды ажалдан аман алып қалды.  Сол ерлігі үшін отандасымыз марапат алып отыр. Кәрістер арасында «Али» деген атпен танымал болып кеткен жерлесімізге тиесілі награданы Гангвон провинциясындағы Янгян округінің өкілі Ким Цзин-Ха табыстады.

Сол оқиғадан кейін Алиакбардың шет елде заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталып, жер аударылуға шақ қалды. Дегенмен жанкешті әрекетіне сүйсінген көпшілік арнайы петиция жазып, оның елде қалуына ықпал еткен.  Сондай-ақ оған Оңтүстік Кореяда өрт сөндіруші болып жұмыс істеуге ұсыныс түскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button