Басты

2,1 млн-нан астам адам 42 500 теңге алды

Бүгінігі күнге дейін табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 799,6 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button