Басты

2,1 млн қазақстандық «42 500 теңге» біржолғы төлемін алды

3 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 202,8 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 млн қазақстандыққа аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылатын болады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button