Басты

Аида Балаева қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Соңғы айларда біздің өміріміз күрт өзгерді. Біз де өзгердік. Бүгінге дейін, көп мән берілмеген құндылықтар: денсаулық, жақындарымыздың амандығы, қарапайым қарым-қатынас ең басты әрі қымбат құндылықтар екенін өмір бізге тағы бір рет дәлелдеді.

Бұрын менталитетімізге сәйкес, күнделікті тіршілікте қарапайым дүние тәрізді болып есептелген кейбір әрекеттеріміз бүгінде ереже бұзушылық болып саналады. Яғни, эпидемиологиялық ахуалды қадағалау үшін еңгізілген ережелер – қонаққа бару, адамдармен араластығымызды азайту, мерекелік және дәстүрлі шараларды атқару бағытында белгіленген жаңа ережелер талабын орындау қазір аса маңызды. Бірақ замана талаптары өзгерсе де – ізгілік, махаббат пен адамгершілік, достық пен келісім мәнгілік қымбат құндылықтарымыз болып қала береді», – деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button