БастыҚоғам

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері қорытындыланды

Бүгін «Antikor Ortalygy» сервис орталығының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалғамбет «Шығыс-Адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Маржан Бақыт пен өңірлік ақпараттық-ағарту штабының басшысы Арайлым Есімбекованың қатысуымен ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының жұмысын қорытындылауға арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Өткен жарты жылда Департаментпен ауқымды жұмыстар жүргізіліп, оң нәтижелерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын жедел сүйемелдеу жөніндегі шаралар күшейтілді.

«Бұл жұмысқа арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері баға жетпес үлес қосуда», – деп атап өтті облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.

  • Департамент жанынан қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша белсенді жастар мен діни қайраткерлерден тұратын өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб құрылып, белсенді жұмыс істеуде.
  • Республикалық және өңірлік арнайы мониторингтік топтың мүшелері әлеуметтік маңызы бар объектілердің мониторингін ұйымдастырды, мемлекеттік гранттарды тағайындау үшін өтінімдерді іріктеу, ҰБТ өткізуді сыртқы бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына белсенді қатысты.
  • Өңірлік арнайы мониторингтік топтың мүшелері және Адалдық алаңы өкілдері covid-19-ға қарсы күреске арналған сұранысқа ие дәрілік препараттар бағасының мониторингі және шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу бойынша жұмысқа белсенді қатысуда.-
  • Барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктері Халыққа қызмет көрсетудің «Ашық әкімдік» сервистік моделіне көшті, ореп-space форматында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелерде 36 фронт-офис ашылды.
  • «ADAL KÓMEK» жобасы табысты іске асырылуда, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады.

Алдын алу жұмысының негізгі құралдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау болып табылады. Жарты жылда 8 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді.

8 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі сыртқы талдауға алынды.

Олардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын жою, бизнес-процестерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша 157 ұсынымдар мен ұсыныстар енгізілді.

Алдын алу блогына Мемлекеттік сатып алудың бағалық комплаенсіне ерекше назар аударылды.

Жыл басынан бері «сатып алудың бірыңғай терезесінде» сатып алуды қадағалаудың арқасында мемлекеттік органдар бюджеттерінің үнемделуі 427 млн.теңгені құрады.

Ағымдағы жылы 131 қылмыс анықталды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық санаты бойынша 109 қылмыс. Жұмысты шебер ұйымдастыру мен кәсіпқойлықтың, ірі, көп деңгейлі, терең заңдастырылған сыбайлас жемқорлық схемаларын әшкерелеуге бағытталудың арқасында өткен жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстардың жолын кесу 3 есеге және ауыр қылмыстардың жолын кесу 14% – ға өсті. Сыбайлас жемқорлық үшін тартылған адамдар саны 61 тұлғаны құрады. Әрбір сегізінші – мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары.

Залалды өтеу сомасы – 1,1 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен едәуір асып түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button