ТехнологияЭкономика

Джефф Безос байлығын санаулы минутта 13,2 млрд долларға арттырды

Джефф Безостың дәулеті арта түсті.

Нью-Йоркте 16:16-да биржалық сессия ресми түрде жабылғаннан кейінгі сауда барысында Amazon.com Inc. акциялары 12%-ға немесе 2100 долларға өсті. Әлемдегі ең дәулетті адам атанған Безос өзінің байлығын 15 минутта 13,2 млрд долларға арттырды.

Bloomberg тұжырымы бойынша миллиардерлер рейтингіне сәйкес, оның жеке капиталы 129,5 млрд доллар деп бағаланып отыр.

56 жастағы Безос Amazon акцияларының негізгі бөлігіне – 12%-на иелік етеді. Бейсенбідегі бағаның өсуі Amazon-ға 90 млрд доллар әкеліп, компанияның жалпы капитализациясы 1 трлн долларға жетіп отыр. Джеффтің 49 жастағы бұрынғы жұбайы Маккензи Безоске де тойлауға себеп бар, өйткені оған Сиэтлде орналасқан Amazon акцияларының 4% тиесілі. Ол әлемдегі дәулетті адамдар рейтингінде 24-ші орында тұр (дәулеті 37,1 млрд доллар).

Bloomberg рейтингі ресми түрде АҚШ-та әр сауда күні жабылғаннан кейін жаңарып отырады.

Дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button