Басты
Шымкент көшелеріне жаңа аялдамалар орнатылды

Шымкенттің орталық көшелеріне жаңа аялдамалар орнатылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Қаламыздағы маңызды көшелердің бойындағы ескі аялдамалардың орнына жаңа аялдамалар орнатыла бастады. Оны Байтұрсынов, Арғынбеков, Өтегенов көшелерінің бойынан байқаған да боларсыздар.
Жалпы биыл 260 жаңа аялдама орнату жоспарланып отыр. Қазір жауапты мердігер мекеме 40 аялдаманы орнатып бітті. Жалпы жұмыс қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде», – деді Мақсұт Исахов.

Шымкент қаласының орынбасары осы ретте, қала тұрғындарынан барынша жанашырлықпен әрі таза қарауларын өтінді.
