Басты

Шымкенттегі муралдар: Жемқор әкемді 5 жыл көрмейтін болдым

Темірлан тас жолының бойындағы түрменің қабырғасында балалардың сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырған муралдары пайда болды,деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Қабырғаға ұзына бойы салынған суретте балалар қолындағы қағазда «Жемқор әкемді 5 жыл көрмейтін болдым» деген жазу жазылып, олардың жылап тұрған суреттері бейнеленген.
«Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы қала суретшілерімен салынған муралдың басты бастамашылары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі. Ал, техникалық жағынан қала әкімдігі тарапынан қолдау тапқан.


Ұйымдастырушылар жылдың басында мемлекеттік органдардың басшыларын түзеу мекемелеріне апарып, ондағы адамдардың жағдайымен таныстырған болса, бұл жолы сыбайлас жемқорлықпен күресте бүкіл қоғамды тартуды көздейді.
Олардың айтуынша, қалада муралдарды салудағы басты мақсат – әрбір азаматқа пара беру мен алудың жауапкершілігін түсіндіру, балаларының болашағы үшін ойлануға шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Әрине, аталған бастамаға қатысты тұрғындар тарапынан оң пікірлерін білдірумен қатар, бұл суреттер азаматтарға ой салатынын, балалардың болашағы үшін ойлану қажеттіктерін жасырмады.

 

 

Осы тұрғыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар Шымкенттегі Нұрсәт мөлтек ауданы мен Темірлан тас жолы бойындағы көпқабатты үйлердің қабырғаларында да пайда болды.
Бұл шара мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғам белсенділерінің де сыбайлас жемқорлықпен күресуге дайын екендіктерін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басты басымдығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін алға тартқан ұйымдастырушылар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында жоспарланған жобалардың аз еместігін айтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button