
Тағы бір Мұстафа – шеттегі қазақтардың абыройын асқақтатты, деп хабарлайды kaznovosti.kz.
Қазақ палуаны Мұстафа Нұрланұлы жақында өткен аламан додада Мемлекеттік Лашын дәрежесіне палуандар сайысының бірінші кезеңінде жас палуан Бат-Эрдэнэ-ді, екіншісінде аймақтық арыстан Тайванды, үшіншісінде Мемлекеттік Піл Соронзонболдыны, төртіншісінде Мемлекеттік Қаршыға Золбооны, сосын 4 дүркін Мемлекеттік Лашын атағын алған Энхбатты жығып, зор жеңіске жетті.
Айта кетейік, биыл Моңғолияың егемен алғанына 99 жыл яғни Халық революциясына 99 жыл толды. Сонымен қатар Ұлттық Баян-Өлгий аймағының 80 жылдығы. Аталмыш қос мерекені Моңғолия көлемінде үш тәулік бойы дүркіретіп атап өтті. Өйткені Моңғолия өз ішіне коронавирус індетін таратпаған әзірге әлемдегі жалғыз ел. Бұған зерттеушілер әртүрлі пікір айтады. Алайда көбісі моңғолдардың тегінің мықтылығы, ұлттық төлқуатының күштілігінен деген пікірге келіседі…