
ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында сауда саласының дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы.
Ол бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі тауар айналымының көлемі 15,3%-ға өсіп, 36,2 трлн теңгеге жеткенін хабарлады.
Негізгі өсім азық-түлік сегменті есебінен қамтамасыз етілді. Оның өсімі шамамен 30%-ды құрады.
Отандық агроөнеркәсіп өндірушілерінің сыртқы нарықтағы ұстанымдары да нығаюда. Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша азық-түлік экспорты 34,4%-ға өсіп, $1,6 млрд-ты құрады.
«Сонымен қатар импортқа тәуелділік төмендеді. Оның үлесі 14,7%-ға дейін қысқарды. Бүгінде Қазақстан ең қажетті өнімдермен ішкі сұранысты қамтамасыз етеді», — деді Арман Шаққалиев.