БастыДенсаулық

ІІМ Bek Air-дің екінші ұшқышы неден көз жұмғанының алдын-ала себебін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәжіліс отырысында Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апатынан қайтыс болған екінші ұшқыштың қайтыс болуына қатысы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қожаевтың хабарлауынша, кез келген адам өлімі дерегі бойынша қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалады.

Оның сөзінше, алдын-ала мәлімет бойынша, аталған жағдайда апат кезінде алған жарақат немесе басқада криминалдық факторлар өлімге себепші емес.

«Мәселе оның денсаулығының жай-күйінде болуы мүмкін», – деді маман.

Қожаевтың сөзінше, ұшқыштың нақты неден көз жұмғаны бір айдан кейін белгілі болады. Сол кезде сот-медициналық сараптаманың нәтижесі жарияланады.

Айта кетейік, екінші ұшқыштың өлімі жайлы хабар 28 қаңтарда белгілі болды. Айта кету керек, ер адам 27 қаңтарда көз жұмған.

Ұшқыш 21 қаңтарда №4 қалалық клиникалық ауруханадан үйіне шығарылған. Сол кезде оның жағдайы тұрақты болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button