«Астана Өнім» ұлттық «BaiQymyz» фестивалінде табиғи қымызын ұсынады

11–12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтетін «BaiQymyz» ұлттық гастрофестиваліне «Астана Өнім» компаниясы қатысып, қонақтарға өзінің табиғи қымызын ұсынады.
Компанияның қымызы Ақмола облысы Бурабай ауданының Қымызынай ауылында өндіріледі. Аңыз бойынша, осы өңірдің қымызынан дәм татқан Абылай хан: «Қымызын-ай, дәмі бал татиды екен!» – деп сүйсінген екен. Содан бері бұл мекен Қымызынай аталып кеткен деген ел аузында әңгіме сақталған.
Бүгінде «Астана Өнім» осы көне дәстүрді заманауи өндіріс технологиясымен ұштастырып, халықаралық сапа талаптарына сай табиғи әрі қауіпсіз қымыз өндіреді. Өнімнің басты ерекшелігі – жаңа сауылған саумалдың тек осы өңірде өсетін тобылғы мен қайыңның түтініне ысталып дайындалуы. Бұл қымызға өзіндік жұпар иіс пен ерекше дәм береді.
Қазіргі таңда шаруашылықта 50 бас бие сауылып, тәулігіне 240 литрге дейін қымыз өндіріледі. Жылдық өндіріс көлемі шамамен 30 тоннаны құрайды. Ал «BaiQymyz» фестиваліне компания арнайы 2 500 литр қымыз алып келеді.
«BaiQymyz» – ұлттық тағамды ғана емес, халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ерекше алаң. Біз фестиваль қонақтарына табиғаттың нәрін бойына сіңірген, ата-баба дәстүрімен дайындалған Қымызынай қымызын ұсынуға қуаныштымыз. Әрбір келуші оның табиғи дәмін татып, қазақ даласының шынайы рухын сезінеді деп сенеміз», – дейді «Астана Өнім» компаниясының өкілі.
«Астана Өнім» барлық астаналықтар мен қала қонақтарын фестиваль алаңындағы өз көрме орнына келіп, Абылай хан сүйсінген Қымызынай қымызының дәмін татуға шақырады.



