Әлем

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен оның отандастарын Иорданияның төл мерекесі – Корольдің Таққа отырған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иордания халқына құт-береке тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button