Жаңа буын шипажайы: Окжетпес демалыс пен емдеу стандарттарын қалай өзгертіп жатыр

Бүгінде әлемде санаторий-курорт саласы түбегейлі өзгеріп келеді. Бұрын шипажай тек ем қабылдайтын орын ретінде қабылданса, қазір ол wellness resort — адамның физикалық әрі эмоционалдық саулығын қалпына келтіретін заманауи демалыс кеңістігіне айналып отыр.

Осы бағытта дамып келе жатқан ірі сауықтыру кешендерінің бірі «Оқжетпес». Бурабайдың қақ ортасында орналасқан шипажай бүгінде дәстүрлі емдеу тәсілдерін заманауи wellness-философиясымен ұштастырып, қазақстандық курорттық туризмнің жаңа деңгейін қалыптастыруда.

Қазіргі wellness-индустрияның басты мақсаты — ауруды емдеу ғана емес, оның алдын алу, күйзелісті азайту, ұйқы сапасын жақсарту, энергияны қалпына келтіру және адамның өмір сапасын арттыру. Сондықтан бүгінгі турист демалыстан тек тынығуды емес, толыққанды қайта серпілу мен ішкі баланс іздейді.

Осыған байланысты санаторийлердің де форматы өзгеріп жатыр. Енді wellness resort – бұл жай ғана ем қабылдайтын орын емес, медицина, SPA, табиғат, сапалы сервис және lifestyle-концепция тоғысқан жаңа буындағы демалыс орталығы.

Классикалық шипажайдан wellness resort форматына дейінгі өзгеріс

Оқжетпес халықаралық сауықтыру туризміндегі трендтерге бейімделіп, шипажай жұмысының жаңа моделін қалыптастырып келеді. Мұнда preventive wellness — аурудың алдын алу және денсаулықты ұзақ мерзімді сақтауға бағытталған тәсілге басымдық беріледі.

Қонақтарға жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесі, тірек-қимыл аппараты бойынша сауықтыру бағдарламалары, антистресс және детокс курстары, физиотерапия, массаж, SPA және қалпына келтіру процедуралары ұсынылады. Алайда негізгі акцент тек емдеуде емес, адамның жалпы өмір сапасын жақсартуда.

Сонымен қатар бүгінгі wellness resort жоғары деңгейдегі инфрақұрылымды, эстетиканы, тыныштықты, экологиялық ортаны және эмоционалдық жайлылықты қамтиды. Бұл — қазіргі туристің басты сұранысына айналған факторлар.

Табиғат – wellness философиясының бөлігі

Бурабайдың басты артықшылықтарының бірі — оның табиғаты. Қарағайлы орман, таза ауа, көлдер мен тыныш атмосфера адамның физикалық және эмоционалдық қалпына келуіне ықпал етеді. Сондықтан әлемдік wellness-индустрия табиғи локацияларға ерекше мән бере бастады.
Қазір slow living, eco retreat, mindful travel секілді бағыттар кеңінен дамып келеді. Яғни адамдар табиғат аясында асықпай демалып, цифрлық күйзелістен алыстап, ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге ұмтылады.

Осы философияны жалғастырып отырған жобалардың бірі — Qazaq Nomad Resort. Ұлттық нақыш пен заманауи сервисті үйлестірген resort Бурабайдағы экологиялық әрі саналы туризмнің жаңа үлгісін қалыптастырып келеді. Жоба қонақтарға табиғатпен үндес, жайлы әрі ерекше атмосферадағы демалыс ұсынады.

Қазақстандағы wellness-туризмнің жаңа кезеңі

Бүгінде Қазақстанда ішкі туризммен қатар, денсаулық мәдениетіне деген қызығушылық та артып келеді. Осыған байланысты wellness resort форматындағы курорттарға сұраныс көбейіп отыр.

Қазіргі қоғам wellness-ті luxury емес, өмір сапасына салынған инвестиция ретінде қабылдай бастады. Ал Окжетпес пен Qazaq Nomad Resort секілді жобалар Қазақстандағы заманауи сауықтыру туризмінің жаңа мәдениетін қалыптастырып келеді — саналы, сапалы және адамның ұзақ мерзімді әл-ауқатына бағытталған демалыс мәдениетін.