Экономика

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 3,5 трлн теңге құрады

Инвестициялық белсенділік 2026 жылдың басында экономикалық өсімнің негізгі драйвері болды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 трлн теңгені құрап, 6,4%-ға ұлғайды. Үкімет отырысында капиталды тарту динамикасы туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин хабарлады.

Қаражатты тарту бойынша көшбасшы өңірлер – Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстары. Капиталдың ең көп көлемі электрмен жабдықтау, байланыс және ауыл шаруашылығы секторларына салынып жатқаны байқалып отыр. Сыртқы саудада да оң динамика бар: жылдың алғашқы екі айында тауар айналымы 11,3%-ға өсіп, $21,7 млрд-қа жетті.

«Апта сайын Экономикалық өсім жөніндегі жедел штабта нақты кәсіпорындардың проблемалық мәселелері және өнім шығаруды ұлғайту үшін оларды шешу жолдары қаралады. ЖІӨ-нің таргеттелетін өсуін қамтамасыз ету мақсатында салалық министрліктер салаларды дамытудың нысаналы параметрлеріне қол жеткізу үшін барлық қаржылық және қаржылық емес шараларды қабылдауды қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті вице-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button