Елордада медициналық қызмет көрсету мәдениетінде жаңа кезең басталды

Астанада жаңа көпбейінді клиникасы Prime Green Clinic ашылып, қалалық медицинадағы дәстүрлі модельді түбегейлі жаңаша форматқа көшірді. Жаңа клиника тек емдеу қызметін ұсынбайды, сонымен қатар пациент пен медициналық жүйе арасындағы қарым-қатынасты жаңғыртуға бағытталған
Клиника «қалалық медицина жаңа ритмде»тұжырымдамасы бойынша жұмыс істейді. Мұнда диагностика, дәрігерлерге қабылдау, емдік процедуралар мен амбулаторлық терапия пациенттің күнделікті жұмысына кедергі келтірмей, ыңғайлы және үзіліссіз ұйымдастырылған.
Prime Green Clinic толық отбасыға қызмет көрсету форматында жұмыс істейді: бір жерде балалар мен ересектерге арналған тексерулер мен емдеу бағдарламалары қолжетімді, бұл барлық отбасын қамтитын кешенді бақылауға мүмкіндікбереді.
Клиниканың негізгі бағыттары:
• Check-up бағдарламалары — ағзаның жалпы жағдайын бағалау және ауруларды ерте кезеңде анықтау;
• Ерлерге арналған арнайы check-up — жүрек-қантамырлары мен урологиялық жүйені тексеру, профилактика;
• Әйелдерге арналған бағдарламалар және «Ана мектебі» — балаға дайындық, жүкті әйелдерді қолдау және кеңес беру;
• Балалар бөлімі — педиатрлар мен тар мамандар қабылдауы, профилактикалық бақылау;
• Қазіргі заманғы диагностикалық блок — МРТ, КТ, УДЗ, маммография және зертханалық тексерулер.
Клиникада пациенттің жайлылығы мен жеке бақылауы басты назарда. «Жайлы медицина» қағидасы бойынша жұмыс істейтін орталықта әрбір адам өзіне ыңғайлы жағдайда тексеріліп, емделе алады.
Жаңа формат қалалық медицинаның тиімділігін арттырып, профилактикаға, жеке бақылауға және сенімге негізделген қызмет көрсету мәдениетін қалыптастырады. Prime Green Clinic – бұл денсаулықты кешенді түрде бақылау мен сақтаудың жаңа үлгісі.



