Елнұр Бейсенбаев жаңа лауазымға тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.