Денсаулық

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктері кеңейтілді

Қазақстанда 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттіктеріне балаларға қызмет көрсететін ұйымдарға санитарлық бақылауды күшейту жөнінде нақты жаңа қағидалар енгізілді
Мәселен олар бұдан былай бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне құқық бұзушылық себептерін жою туралы жеке ұсыныс енгізуге, мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдауға, сондай-ақ бұл ұсынымдардың орындалуын талап етуге құқылы болады. Бұл жайында Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев ОКҚ алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында айтты.

Көзделген негізгі мақсаттар: балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, нақты алдын алу шараларына көшу, бұзушылықты ерте анықтап, жою.

«Бұған дейін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттігі көбіне тек тексеру қортындысымен шектелетін. Тексерулер тек белгілі тәртіппен жүргізілді. Негізінен жоспарлы тексерулер болды, бірақ Кәсіпкерлік кодекс талаптарына сәйкес субьектілерге алдын ала хабарлама арқылы тексерістер жүргізілген болатын. Жергілікті атқарушы органдарға ықпал ету тетігі әлсіз болды. Санитариялық дәрігердің анықтаған бұзушылықтар бойынша әкімдіктерге  немесе білім басқармаларына міндетті талап қою құқығы нақты бектілмеген. Ұсынымар көбіне кеңес беру сипатында қалатын. Яғни күшіне енген Заңға сәйкес Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің өкілеттілігі кеңейтілді», – деп түйіндеді спикер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button