
Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын жаңартуды, оның ішінде кабинеттерді шұғыл жабдықтармен жабдықтауды және стоматологиялық кабинет ашуды бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Бүгінгі таңда мектептердегі медициналық пункттердің жабдықталуы 93%-ға дейін өсті. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, оқу орындарында жүректің кенеттен тоқтауы кезінде шұғыл көмек көрсету үшін арнайы жабдықтың болуы қажет. Сондай-ақ министр мектеп стоматологиялық кабинеттерін ашу мәселесін атап өтті: бірқатар өңірде, оның ішінде Астана, ШҚО және Ұлытау облыстарында жоспарлар орындалмады.
Дегенмен, мектептердің медицина қызметкерлері жазатайым оқиғалар кезінде ғана емес, шұғыл жағдайда да көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Сондықтан, мектептерді дефибрилляторлармен қамтамасыз ету өте маңызды. Осы орайда, әкімдерден жарақтандыруға тиісті қаржыландыру қарастыруын сұраймын. Алдағы 3 жыл ішінде қосымша 862 стоматологиялық кабинет ашуды жоспарлап отырмыз, — деді Ақмарал Әлназарова.