БастыСаясат

Елімізде отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі құрылмақ

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында еліміздің отын-энергетика кешенін (ОЭК) цифрландыру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Ол қазіргі уақытта «Отын-энергетика кешенін бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» (EnergyTech) атты салалық платформасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүруде екенін атап өтті.

«EnergyTech платформасы отын-энергетика кешенінің барлық саласын бір платформа базасына біріктіреді. Ол энергетика секторы, кен пайдалану және қайта өңдеуден бастап көмір өнеркәсібіне дейінгі ОЭК-тің 10 негізгі бағыты бойынша басқару процестерін кешенді үйлестіруді қамтамасыз етеді. Жүйені толық көлемде жасап шығарып, өнеркәсіптік деңгейде қолданысқа енгізу 2026–2027 жылдарға жоспарлануда», — деп нақтылады Ерлан Ақкенженов.

Министр биыл 7 цифрлық сервис пайдалануға берілгенін, оның ішінде 2 сервис энергетика секторында жүзеге асырылғанын айтты. Олар:

  • Күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оның өту барысын мониторингтеуге арналған цифрлық сервис;
  • Шекті тарифті бекітуге арналған цифрлық сервис.

Басқа жаңалықтар

Back to top button