Білім

Елімізде 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан. Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылуда», – делінген хабарламада.

Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.

Жаңа дизайн-код алдымен «Келешек мектептерде», кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button