Астанада Әкім Таразиды еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды

Астанада жазушы, драматург, сценарист, Қазақстанның Еңбек Ері Әкім Таразиді еске алу шарасы өтті. Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды
Ашылу салтанатына мәдениет қайраткерлері, жазушылар, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Салтанатты рәсімді ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы елордалық филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы құттықтау сөзімен ашты.
Іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, қала әкімінің орынбасары Есет Байкен, белгілі мәдениет қайраткерлері, жазушылар, журналистер, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ оқырман қауым қатысты.
«Әкім Тарази Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов сияқты танымал тұлғалардың шеберлігін игерді. Сондықтан ол өзінің барлық тәжірибесі мен білімін шәкірттеріне берді, жас ұрпақтың назарын білімге аударғысы келді. Мемлекет басшысының, қала әкімдігінің және белгілі тұлғалардың қолдауымен оған Құрмет белгісі ретінде екі маңызды оқиға — мемориалдық тақта мен мәжіліс залының ашылуы университет ғимаратында өтті, онда ол жұмыс істеді, тәжірибе мен білімді жас ұрпаққа берді», – деді оның жұбайы, шығармашылық әріптесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Роза Мұқанова.
Мәжіліс залында қонақтарға ұсынылған фотосуреттерден Әкім Таразидың өмір жолын байқауға болады.
Әкім Тарази қазақ прозасы мен драматургиясына «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Жолы болғыш қыз» сияқты бірегей туындыларымен елеулі үлес қосты.
Ол өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Мәскеуде ашылған жоғары сценарий курстарында оқыған алғашқы кәсіби кинодраматург.
Ол «Қасқыр ізі», «Қараш-қараш оқиғасы», «Мұстафа Шоқай», «Арман-Атаман», «Қыз жылаған» сияқты фильмдердің сценарий авторы. Сондай-ақ ол “Кино драмматургиясы және телевизия” мамандығының ашылуына ұйытқы болды.