Басты

Шымкентте жол жөндеу жұмыстарының 80 пайызы тамыз айында аяқталады

Шымкент қаласында ішкі көше жолдарына орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда,
– Биыл маусым айында «Нұрлы жол-7» ЖШС мердігерімен Абай ауданы, Самал-3 шағын ауданындағы Ш.Мұстафаев көшесінде жөндеу жұмыстары басталған. Көшенің ұзындығы 620 метр, ені 6 метр.

– «ДостықСпецТранс» ЖШС мердігерімен Еңбекші ауданы Қаратөбе тұрғын алабындағы Тойшы ата көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталған. Көшенің ұзындығы 1,7 шақырым, ені 5 метр. Жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

– Сәуір айында Енбекші ауданы, №86 автобустың соңғы аялдамасынан мазаратқа дейінгі атауы жоқ көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Көшенің ұзындығы 1,8 шақырым, ені 5 метр. Бүгінгі таңда көше пайдалануға берілді.

– Абай ауданы Ынтымак шағынауданы, Зеленая көшесі мен «Отан Мұнай» жанар май құю бекетінен кейінгі атауы жоқ көшеге «ДостықСпецТранс» ЖШС мердігерімен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көшенің ұзындығы 3,3 шақырым, ені 5 метр. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

– Байтұрсынов көшесінің Арғынбеков көшесі қиылысынан дендросаябаққа дейінгі бөлігінде күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Аталған жолдың бөлігіне бүгінге дейін тек шағал тас төселінген болатын. Қазір мұнда асфальт төселініп, жаяу жүргіншілер жолы, веложол және ирригация жүйесі қарастырылған. Жолдың ұзындығы – 500 метр.

«Осы жылы 45 мердігер мекемемен 414 шақырым жолға қайта құру және күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі көше жолдары құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысы қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына бюджеттен 27 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 9 млрд теңге қаржы игерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржыны игеріліп, жол құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз,- дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button