
Цифрлық трансформация шеңберінде Қазақстанда бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды күшейтуге бағытталған онлайн бюджеттік мониторинг енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Оның айтуынша, бүгінде қаражатты тек білім беру желісі бойынша жұмсау кезінде бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.
«ЖИ элементтерін қолданудың нәтижесінде 2024 және 2025 жылдарға арналған тәуекелді төлемдердің сомасы 2024 жылы 307 млрд теңгеге және 2024 жылы 132 млрд теңге анықталды», — деді Мәди Такиев.