
Қазақстанда бюджет процестеріне онлайн аудит жүргізуге бағытталған Smart Audit Qazaqstan жобасы жүзеге асып жатыр
Жүйе бюджет қаражатын жоспарлау мен мемлекеттік сатып алуларды өткізуден бастап, жобаларды іске асыру және қазынашылық төлемдерге дейінгі барлық кезеңде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жүйе арқылы мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін бағалау жоспарланып отыр.
«Бұрын аудиторлар қандай да бір ақпаратты сауал арқылы сұрауға мәжбүр бослса, енді Smart Audit Qazaqstan тұжырымдамасы аясында барлық қажетті мәліметті онлайн режимде алуға болады. Бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың кез келген ықтимал жағдайының алдын алуға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді спикер.