Басты

БАӘ COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы коронавирус жұқтырған адамдарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі twitter-дегі парақшасында жазды.

Полицейлер өткізген бірнеше сынақ кезінде иісшіл иттер корнавирус жұқтырған адамдарды дәл анықтаған.

«COVID-19 індетін анықтау оқиғалары (иттермен) 92 пайызды көрсетті»,- делінген ведомоство мәлімдемесінде.

Тест екі апта бойы бірнеше аурухана аумағында жүргізілген.

Әбден машықтанған иттер көшелердегі, сондай-ақ вокзал және әуежай секілді адамдар топтасқан орындарда патрульдеу кезінде індет жұқтырғандарды анықтай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button