БастыЭкономика

Қазақстанда жаңа инвестициялық цикл іске қосылуда

Үкімет алдында 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстанда табысты инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық циклды бастау қажеттігін атап өтті. Жаңа инвестициялық цикл шеңберінде технологиялардың Қазақстанға трансфертін жүзеге асыруға қабілетті, жергілікті персоналды оқытатын және қазақстандық тауарлар үшін жаңа сыртқы нарықтарға қолжетімділікті ашатын негізгі инвесторларды іздеу және тарту басымдыққа ие болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жаңа инвестициялық циклдің негізгі инвесторлары Үкімет айқындаған перспективалы тауашалардағы компаниялар болады — бұл машина жасау, мұнай-газ-химия, жаңартылатын энергия көздері, қазіргі заманғы АӨК, жоғары қайта бөлу металлургиясы, онда жоғары жаһандық бәсекеге қабілеттілігі бар экспорттық өндірістер құруға болады. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша осы салалардағы еңбек өнімділігінің деңгейі өңдеу өнеркәсібі бойынша өнімділіктің орташа деңгейінен едәуір асып түседі және тиісінше экономиканың өсуіне ықпал етеді», – деді Арман Қасенов.

Спикер Үкімет қолайлы инвестициялық ахуал құру және инвесторлармен тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button