Экономика

Қазақстанда бизнеске әкімшілік жүктеме азайып келеді

2024 жылғы 6 сәуірде мемлекеттік бақылауды жетілдіруді және 10 мыңнан астам артық және негізсіз талаптың күшін жоятын, Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң қабылданды. Бас прокуратураның дерегінше, 2024 жылы бизнеске бақылау жүктемесі 2019 жылмен салыстырғанда 58% – ға төмендеген

Инвесторларды қорғау мақсатында 2024 жылғы 30 желтоқсанда Биржалық сауда және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі заң арқылы «прокурорлық сүзгі» тетігі енгізілді. Ол бойынша, шектеу және тыйым салу шараларын прокурормен міндетті түрде келісу қажет, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Есептік міндеттеме айтарлықтай қысқарды. 381 ақпараттық құралдың 192-сі немесе есептіліктің барлық түрінің 49% – ы жойылды.

Лицензиялау және рұқсат беру жүйесін жетілдіру жалғасуда. Жыл соңына дейін біліктілік талаптарын қайта қарау, сондай-ақ рұқсат құжатын беру рәсімі мен мерзімді оңтайландыру жоспарлануда.

«Сонымен қатар орта бизнесті дамыту бойынша бастамалар іске асырылуда. Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, өндірістік саладағы кәсіпорындарды сервистік қолдау бағдарламасы іске қосылды. Ол жергілікті және халықаралық сарапшыларды тарту арқылы консультациялар, сондай-ақ компанияларды дамытудың жеке жоспарын әзірлеуді көздейді», – делінген хабарламада.

Негізгі бағыттың бірі —қаржылық қолдау тетігін дамыту. Мәселен, кредиттеуге қол жеткізуді арттыру үшін портфельдік субсидиялау құралы қолданылады. Шағын және шағын кәсіпорындар 12,3% мөлшерлемемен және 3 жылға дейінгі мерзіммен 200 млн теңгеге дейінгі кредитке субсидия ала алады. Жобаларды қарауды екінші деңгейдегі банктер тікелей жүзеге асырады. Бұл процесті жылдамдатып, қаржыландыруға қол жеткізбек. 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін 309,8 млрд теңге кредит сомасына 2 238 жоба субсидияланып, 120 млрд теңгеге субсидия төленді.

«Сондай-ақ, «Даму» қорының базасында шағын және орта бизнес үшін (жобалар 7 млрд теңгеге дейін) және ірі инвестициялық жобалар үшін (7 млрд теңгеден бастап) екі кепілдік қоры құрылған. Олардың ерекшелігі қайтарылмайтын және сөзсіз кепілдіктер, сондай-ақ өтінімді қараудың жеделдетілген рәсімі. Бүгінгі таңда 228,1 млрд теңгеге 1 346 ШОБ жобасы және 7,1 млрд теңгеге бір ірі жоба қолдау тапты», – деп атап өтті министрлікте.

Экономикалық өсуді жандандыру үшін «Өрлеу»жеңілдікті қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. Ол жылдық 12,6% белгіленген мөлшерлемені және бір қарыз алушыға 7 млрд теңгеге дейінгі лимитті көздейді. Қаржы бөлу қоса қаржыландыру шарты арқылы жүзеге асырылады: 60% – банк қаражаты, 40% – «Даму» қорынан. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, агроөнеркәсіптік кешенге, логистикаға, білім беру мен денсаулық сақтауға беріледі. Бағдарлама шеңберінде 284 млрд теңгеге 630 жоба қаржыландырылды.

Ауылдық жерлерге ерекше назар аударылады. 2023 жылдан бастап өңірлердің әлеуетін арттырып, жергілікті бренд құруға арналған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы іске асырылуда. Финалистер JICA қолдауымен Токиодағы «FOODEX JAPAN 2025» көрмесіне де, республикалық және халықаралық көрмелерге де белсенді қатысады. 2025 жылы Marvin желісімен финалистердің өнімдерін, соның ішінде домбыра, ұлттық кәдесыйлар мен патенттелген Арал сабынын сатудағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button