
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында елордада вандализмнің кез келген жағдайына және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне жүйелі түрде қарсы күрес жүргізілуде
Биыл жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жою және зақымдау әрекеттері үшін 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 93-і қамауға алынып, 67 адамға жалпы сомасы 10,4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Вандализмге қарсы шараларды Астана полициясы мен қала әкімдігі Астана прокуратурасының үйлестіруімен жүргізуде. Мысалы, 12 тамыз күні сағат 19:20-да «Марден» аялдамасында елорда тұрғыны мас күйінде автобустың есігін әдейі теуіп, әйнегін сындырған. Ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тағы бір жағдайда 37 жастағы астаналық мас күйінде Ш.Уәлиханов пен Ж.Тархан көшелерінің қиылысындағы «Мехколонна №56» аялдамасының әйнегін сындырған. Ол да 10 тәулікке қамалды. 26 тамыз күні де осындай оқиға тіркелді. Әйел адам ескерткіштің мүсініне косметикалық заттар (көзге арналған тень) жағып, әдейі бүлдірген.
Ол 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Еске сала кетейік, қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық пен өзгелерге құрметсіздік танытып, азаматтардың тыныштығын бұзатын заңсыз әрекеттер үшін 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Басқа жаңалықтар
-
Ақтауда полицейлер пәтерде қараусыз қалған екі бүлдіршінді құтқарды -
Шымкентте жасөспірімге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікті ұсталды -
40 млрд теңге және 2 млн-ға дейін бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды -
СҚО-да полицейлер шетелдіктен «синтетика» тәркіледі -
Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды -
Украинада Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды