Алматыдағы көші-қон жүктемесін қалай азайтуға болады?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласындағы көші-қон процестерін реттеу және Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобының көшпелі отырысын өткізді, онда еліміздің ең ірі қаласындағы көші-қон жүктемесін төмендетудің негізгі тәсілдері айқындалды.

Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеудің өзекті мәселелері және Алматы қаласындағы көші-қон жүктемесін азайтуға көмектесетін агломерациялық аумақтарды дамыту перспективалары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын теңгерімді дамыту мәселелерін Жол картасына енгізу бойынша шаралар кешені әзірленіп, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тәсілдері айқындалды.