
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматының бүйрегін сату туралы жедел ақпарат түсті. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берген.
– ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Спикер қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сату, сатып алуға тыйым салынғанын және ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Полиция азаматтарды осындай фактілерге куә болған жағдайда, «102» арнасына немесе «police 102» мобильді қосымша арқылы хабарлауға шақырады. Анонимділікке кепілдік беріледі.