Білім

Қазақстанда кәсіби білім беру еңбек нарығына сәйкестендіріп қайта қаралуда

Қазақстанда кәсіби білім беру бағдарламасы қайта қаралуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің мәліметінше қазіргі таңда Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту үрдісі жүруде, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

Оның айтуынша, бүгінгі күні еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие. Олардың ішінде кәсіптік стандарттармен 4500-ге жуығы қамтамсыз етілген. Білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына жақындату үшін қазір білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға теңестіру жүргізілуде. Бүгінде олардың негізінде 11 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды.

Бұдан бөлек, Дағдылардың цифрлық банкі ендірілуде.

Келесі қадам – кәсіптік стандартты әзірлеу процесстеріне жасанды интелектіні ендіру. Бұл еңбек нарығындағы өзгерістерді жедел талдауға, күнделікті процесстерді азайтуға және нақты уақыт режиімінде стандарттарды уақтылы жаңартуды қаматамсыз етуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button