Еңбек нарығының тиімділігін арттыру: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбек нарығының тиімділігін арттыру мен оны заманауи талаптарға бейімдеу бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтың мәліметінше, осы бастамалар аясында оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек көші-қонын ынталандыру шаралары кеңейтілуде. Оған қосымша әлеуметтік қолдаудың кеңейтілген топтамасын ұсынуға және қоныс аударушыларды жаңа жерге кешенді бейімдеуге бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Білім жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Ол түлектер диплом ғана алмай, сұранысқа ие және қалауларына сәйкес келетін мамандықтар алуларына, оқуды аяқтағаннан кейін бірден жұмыс табулары үшін білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына бейімдеуді жеделдетуге бағытталған.

Ашықтықты арттыру және көлеңкелі жұмыспен қамту деңгейін төмендету мақсатында электрондық еңбек шарттарын және электрондық штаттық кестені ендіруді көздейтін шаралар іске асырылуда.