происшествие
Жүргізуші куәлігінен айырылған мас азамат полициядан қашып, патрульдік көлікпен соқтығысты

Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам алкогольдік мас күйінде автокөлік тізгінін ұстаған
Полиция қызметкерлері тоқтату талабын қойған кезде, ол заңды талапқа бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан, деп мәлімдейді Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Қашу барысында бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікпен соқтығысумен аяқталды.
Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.
Келтірілген материалдық шығын сотталушымен толық көлемде өтелді.