БастыТехнология

Қазақстанда тау кен кешені белсенді цифрландырылуда

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында тау-кен кешенін цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Ukimet телеграм арнасы хабарлайды.

Ол есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға тау-кен саласында 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді болғанын, оның 14-і онлайн-форматта екенін атап өтті. Бір жыл ішінде барлығы 979 млн қызмет көрсетілді, оның 919 млн-ы электронды түрде, бұл жалпы санның 87,6%-н құрайды.

Келесі мемлекеттік қызметтер үлкен сұранысқа ие болды:

▪️Тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру. Барлығы 462 қызмет көрсетілді.
▪️Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат беру. Барлығы 437 қызмет көрсетілді.
▪️Геологиялық және (немесе) тау-кен бөлімдерін беру және қайта ресімдеу. Барлығы 55 қызмет көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button