происшествие

«Биг Шанхай» базарының кәсіпкерлері мен қызметкерлеріне арналған түсіндіру штабы жұмыс жүргізіп жатыр

Астанада 18 шілде күні «Биг Шанхай» базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын бастады, деп мәлімдейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Штаб Алаш тасжолы, 30а мекенжайындағы «Anuar» супермаркетінің 3-қабатында орналасқан.

«Штаб сауда орындары өрт салдарынан зардап шеккен жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес береді.

Әркім өзекті ақпараттар, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алып, әрі қарайғы іс-әрекеттерді айқындауға көмек сұрай алады», – делінген хабарламада. 

Оқиға орнында ТЖД, полиция департаменті, әкімдік, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, базар өкілдері кезекшілік етіп, кеңес беруде.

Ақпараттың тек ресми көздеріне сенуді сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button